Алматы қаласындағы Темір жол колледжінің ұйымдастыруымен өткен "Наурызбен бір бар жақсылық келсе екен" атты оқушылар арасындағы ақындар мүшәйрасы » «И.Ф. Халипов атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі
"И.Ф.Халипов атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
22868
Есепші бөлімі:
+7(708)459-74-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Алматы қаласындағы Темір жол колледжінің ұйымдастыруымен өткен "Наурызбен бір бар жақсылық келсе екен" атты оқушылар арасындағы ақындар мүшәйрасы
05
апрель
2023

Алматы қаласындағы Темір жол колледжінің ұйымдастыруымен өткен "Наурызбен бір бар жақсылық келсе екен" атты оқушылар арасындағы ақындар мүшәйрасы

15 наурыз күні Алматы қаласындағы Темір жол колледжінің ұйымдастыруымен өткен "Наурызбен бір бар жақсылық келсе екен" атты  оқушылар арасындағы ақындар мүшәйрасында,мектебіміздің 11 сынып оқушысы Исахан Аружан алғыс хатпен,бағалы сыйлықпен марапатталды.
Аружан талабыңа нұр жаусын📖
Қаламың ұштала берсін🖋️🖋️🖋️
 Сиясы кеппеген "Наурыз" өлеңін қабыл алыңызыдар.
    Наурыз🌷🍃
Жаңа жылы еліміздің Әз наурызы,
Ұлыстың ұлы күні құт жауғызды.
Күн менен түн теңеліп,жаңарып ел
 Жылулығы шашылған нұр Наурызы.
Наурыздың символы наурыз көже, 
Жеті дәмнен жасалған дәмді көже.
Наурызбен бір жақсылық келеді деп,
Қазан асып,мәз болған алтын әже.
Елде,жерде құлпырады бұл күні,
Көреміз тек қуанышты, күлкіні.
Табысып жұрт,таныс тауып жатады,
Жамалғандай жүректердің жыртығы.
Жетекшісі:  Мерейлим Молдахановна









и ещё 5