Саябақтар шеруі » «И.Ф. Халипов атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі
"И.Ф.Халипов атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
22868
Есепші бөлімі:
+7(708)459-74-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
апрель
2023

Саябақтар шеруі

🌿🌿🌿"Дүниеге жер ана қара шаңырақ!"- деп ақындар жырлағандай бүкіл тіршілік атаулының ұясы және аяулы бесігі, құтты қонысы мен мекені - Табиғат!🌿🌿🌿
🌿Жыл сайын Қазақстанда кең көлемде Саябақтар шеруі акциясы іске асырылып атап өтіліп келеді. Бұл мерекелік іс-шараның негізгі мақсаты өскелең ұрпақты табиғатты аялауға,оның қазба байлықтарын қорғауға тәрбиелеу болып табылады.
☘Халықаралық жер күні 19 ғасырдың соңынан бері Небраска штатының тұрғыны Джон Мартонының бастамасымен атап өтіліп келеді. Әу баста бұл мереке «Ағаш күні» деп аталған. Және жерді жасылдандыруға арналған. Бірақ 1970 жылдан бастап «Жер күні» деп аталып, өтіле бастады. 1990 жылы мереке халықаралық деңгейге көтеріліп, оған 141 елден 200 млн адам қатысты. 1990 жылдың басынан бастап ол мерекеде ұлттық бақтарға назар аударылып, «Жер күні» «Парктер шеруі» боп өзгертілді. Ал Қазақстанда 1996 жылдан бастап жыл сайын аталып өтіліп келеді.🌿 Осыған орай мектебімізде де жоспарға сәйкес ауқымды іс-шараларды мектебіміздің биология пән мұғалімдері Шегенова Э.Қ., Абилдаева Г.Қ., Прокопчук Л.В., Шарипова Н.Т., Бахытова Э.Қ., Ешмұратова Қ.Т., Ошақбаева В.К. ұйымдастырды.
"Табиғатты қорғайық, болашақты ойлайық!» деген ұранмен өткізілген іс-шара барысында мектеп оқушылары өз қолдарымен жасалған түрлі шығармашылық жұмыстарын ұсынып (қалдықтармен жұмыс, ұяшықтар жасау, табиғатты аялауға байланысты макеттер, т.б.), көрме жасалды. Мектеп айналасына 100 түп ағаш отырғызылды.🌲🌲🌲Сонымен қатар оқушыларымыз Табиғат Анаға деген сүйіспеншіліктерін әнмен, бимен жеткізді. Іс-шара өте жоғары деңгейде өтті. Нағыз табиғат жанашырларын тәрбиелеп отырған ұйымдастырушы биология пән мұғалімдеріне  АЛҒЫС  БІЛДІРЕМІЗ!!!🌿

и ещё 4