Менің Отаным – Қазақстан кітап көрмесі » «И.Ф. Халипов атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі
"И.Ф.Халипов атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
22868
Есепші бөлімі:
+7(708)459-74-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
октябрь
2023

Менің Отаным – Қазақстан кітап көрмесі

25 қазан – Республика күніне орай «Менің Отаным - Қазақстан» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

"Республика күні» – бірқатар мемлекеттердегі республиканың таптырмас атрибуты болып табылатын мемлекеттің республика болып  жарияланған немесе елдің конституциясы қабылданған күні атап өтілетін ұлттық мереке.

Көрменің мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді кеңінен насихаттау, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік,  патриотизм мен  Қазақстан азаматтарының бірлігін көрсету.

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 1995 жылғы 18 қазандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Жарлығымен 25 қазан – Республика күні мемлекеттік мереке болып жарияланды. 2009 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына бұл күнді мерекелеуді алып тастау туралы өзгертулер енгізілді. Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы маусымда Ұлттық Құрылтайдың отырысында мерекені қалпына келтіруді ұсынды.

Қазақстан Республикасы мектеп кітапханасының қорындағы «Менің Отаным – Қазақстан» кітап көрмесінде мемлекет және құқық тарихы, Қазақстанның құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуы туралы әдебиеттер, сондай-ақ еліміздің егемендік тарихындағы айтулы сәттерді баяндап, өткен тарихымыздың жарқын жақтарын көрсететін мемлекеттің құрылу кезеңдеріне сәйкес материалдар ұсынылған.