Рәміздер күніне арналған кітап көрмесі » «И.Ф. Халипов атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі
"И.Ф.Халипов атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
22868
Есепші бөлімі:
+7(708)459-74-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
октябрь
2023

Рәміздер күніне арналған кітап көрмесі

Мемлекеттік рәміздер күніне орай, мектеп кітапханасында «Елімнің рәміздері-менің мақтанышым» атты кітап көрмесі өтті.

Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтудің басты негізі – Отанға деген сүйіспеншілікті, ұлтқа деген патриотизмді қалыптастыру, ел идеяларын кеңінен дәріптеу және дамыту. Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға деген терең құрмет сезімін қалыптастыру.

   

Көрмеге Ата Заңымыз «Қазақстан Республикасының Конституциясы», Н.Назарбаевтың «Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы», Ы.Сағынтаевтың «Қазақстан Республикасының рәміздері», Е.Шаймерденовтың «Қазақ елінің рәміздері», Ж. Ішпекбаевтың «Мәңгілік Ел осылайша сомдалған», Д.Махаттың «Тәуелсіздіктің нұрлы таңы», Жұмекен Нәжімеденовтың 3 томдық шығармалар жинағы т.б мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы турасындағы кітаптар, фотоальбомдар, мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар қойылды.