«Мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу", "Буллинг. Кибербуллинг" тақырыптарында түсіндірме жұмысы жүргізу » «И.Ф. Халипов атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі
"И.Ф.Халипов атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
22868
Есепші бөлімі:
+7(708)459-74-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу", "Буллинг. Кибербуллинг" тақырыптарында түсіндірме жұмысы жүргізу
19
сентябрь
2023

«Мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу", "Буллинг. Кибербуллинг" тақырыптарында түсіндірме жұмысы жүргізу

Бүгін  19.09.2023 жылы Талғар қаласындағы И.Ф.Халипов атындағы №1 жалпы білім беретін орта  мектебінде Талғар аудандық полиция басқармасының ЖПҚБ ЮПТ-ң кәмелет жасқа толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Калиахмет Таңат Айдарханұлының, мектептің педагог-психологтары Алтынай Мұхамеджанқызының,
Эльмира Нұртаевнаның, әлеуметтік педагог Абдраманова П.А.қатысуымен  «Мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу",  "Буллинг. Кибербуллинг" тақырыптарында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.И.Жамкеева  оқушылар арасындағы зорлық-зомбылық жағдайларын болдырмау, анықтау және келеңсіз жағдайлардың алдын алу бойынша бейнероликтер көрсетіп, түсіндіріп, өткізілетін жиынның күн тәртібімен таныстырды Талғар аудандық полиция басқармасының ЖПҚБ ЮПТ-ң кәмелет жасқа толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Калиахмет Таңат Айдарханұлы  құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары туралы түсіндіріп, ондағы буллинг, кибербуллинг кезіндегі жасөспірімдерге қолданылатын шаралар туралы айтып өтті. Әлеуметтік педагог П.А.Абдраманова буллинг және оның түрлеріне тоқталды. 
        Буллинг – қазіргі күні кеңінен қолданылып жүрген термин. Буллинг- қорқыту, біреуді кемсітіп, намысына тиетін сөздер айту мағынасын білдіреді.
 Сөзбен, күшпен қорқыту – ол буллинг.
Буллингтің түрі көп. Мысалы, қазіргі күні бірнеше түрін жиі естіп жүрміз. Олар: сөзбен, күшпен қорқыту. Көп жағдайда сөз арқылы әлімжеттік көрсетіп алып, соңы күшке ұласуы мүмкін. Бұл жалпылама айтқанда бір адамның екінші адамға үстемдік көрсетуі. Бір адамның екінші адамға күш көрсетуі жақсы емес екенін түсіндірді. Мектеп психологтары қоғамдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша тренингтер, сергіту сәтін өткізді. 
Сонымен қатар Талғар аудандық полиция басқармасының ЖПҚБ ЮПТ-ң кәмелет жасқа толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Калиахмет Таңат Айдарханұлы әрбір сыныпқа кіріп "Буллинг.Кибербуллинг" тақырыбы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді Педагог-психологтар оқушыларға тест жұмыстарын жүргізді, әрбір сынып жетекші өз сыныптарымен "Буллинг. Кибербуллинг" тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.