«Балалар жарақатының алдын алу», «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі» тақырыптарында түсіндірме жұмыстары » «И.Ф. Халипов атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі
"И.Ф.Халипов атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
22868
Есепші бөлімі:
+7(708)459-74-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балалар жарақатының алдын алу», «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі» тақырыптарында түсіндірме жұмыстары
19
март
2023

«Балалар жарақатының алдын алу», «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі» тақырыптарында түсіндірме жұмыстары

Оқушылардың жол қозғалысы ережесін қатаң сақтау, жол апаттарының алдын алу және көшелерде жол қауіпсіздігін сақтау дағдыларын үйрету мақсатында 2023 жылдың 27 ақпаны мен 19 наурызы аралығында «Бала және бағдаршам» жобасы аясында мектеп инспекторы А.Токишев «Балалар жарақатының алдын алу», «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі» тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушыларды бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстырды. Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білуді үйретті. Балаларға  жолда жүру ережесін сақтау баршамыздың міндетіміз екенін айтты. Жол қозғалысы ережесін білмеу түрлі келеңсіз жағдайларға әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан, қауіпсіздік ережелерін естеріңе салып отырмыз.
 1.Жүріп келе жатқан көлікте әрқашан ұстағыштардан ұстап отырыңдар;
 2.Жеңіл көлікте артқы орындыққа жайғасыңдар, қауіпсіздік белдігін пайдаланыңдар және есік жабық екеніне көздеріңді жеткізіңдер;
 3. Велосипед, роликті коньки, скейтборд тепкенде аса ұқыпты және сақ болыңдар;
 4.Көшеде бағдаршамның тек жасыл түсі жанғанда ғана өтіңдер;
 5.Көшеден өтерде алдымен солға қара, ал бөлгіш сызығынан кейін оңға қараңдар;
 6. Егер жолдан өтуге үлгермесең, бөлгіш сызығында тоқта да, бағдаршамның жасыл түсі жануын күт;
 7.Жүріп келе жатқан көлік алдынан жүгіріп өтпе;
 8.Егер жаяу жүргіншіге арналған жол болмаса, жол шетімен көлік қозғалысына қарсы жүр;
 9.Көшенің көлік жүретін бөлігінде ешқашан ойнама.
Оқушыларға жолда жүру ережесі бойынша кеңес берді.